Processing.kz - Дүкендерге қойылатын талаптар

CNP Processing GmbH-ке қосылу үшін сіздің интернет-дүкеніңіз келесідей шарттарға сай болу керек:
  1. Сайтта көрсетілген барлық ақпарат толық және сенімді болу керек, яғни: нақты және заңды мекен-жайы, телефон нөмірі, сатып алушыларға анықтама ақпаратын беру үшін электронды мекен-жайы.
  2. Сатып алу, жеткізу, төлеу, интернет-дүкен жағынан қателік болған жағдайда ақшаны қайтару процедуралары мен ережелері, сонымен қатар тауарды сатып алу немесе жеткізудегі шектеулер жазылуы керек.
  3. Тауар/қызмет сипатын дұрыс түсінбегені үшін тапсырысты қайтарып беруді болдырмау мақсатында, сатып алынған зат туралы нақты түсінік беретін тауардың/қызметтің толық сипаты болу керек.
  4. Интернет-дүкен қателіктерді және ақша қайтарымын болдырмау үшін клиентті тіркеу кезінде жолдардың дұрыс толтырылуын өз бетімен тексереді.
  5. Интернет-дүкен қызметі заңға қарсы келмейтін және әдептілік пен заңи талаптарды бұзбауы керек.
  6. Интернет-дүкен төлемдерді жасау бойынша сатып алушыларға кеңесті өз бетінше береді, CNP Processing GmbH интернет-дүкені қызметкерлеріне төлемді жүргізу бойынша кеңес береді.
  7. Клиенттің пластикалық карточкасының мәліметтері тек CNP Processing GmbH-тің қорғалған бетінде қабылдануы керек.
  8. Интернет-дүкен беттерінде CNP Processing GmbH компаниясының логотипі міндетті түрде орналасуы керек.