Қауіпсіздік мәселелері

Е-commerce нарығы Халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелерімен қатаң бақыланып тұрады. Атап айтқанда, бұл бизнеспен PСI DSS қауіпсіздік сертификаты жоқ компаниялар айналыса алмайды. Қазақстанда тек екі банк («Қазақстан Халық банкі»АҚ және «Нұрбанк»АҚ), сондай-ақ CNP Processing GmbH компаниясы PСI DSS сертификаттауын өтті.
СNP Processing GmbH компаниясының серверлері мен инфрақұрылысы әр тоқсан сайын міндетті түрде QSA жағынан сыртқы сканерлеуді өтіп тұрады.

Эквайер тәуекелдіктері

Эквайер жағынан тәуекелдіктер коммерсанттарда chargebacks болған жағдайда туындайды. Фродқа байланысты chargebacks болған жағдайда барлық тәуекеліктер эмитенттің мойнында (CNP 3-D Seсure-де сертификатталғандықтан). Эквайер жағынан туындайтын ықтимал тәуекелдіктер тек chargebacks, транзакциясыз фрод – саудагердің сапасыз жұмысының нәтижесі (тауар мен қызмет жеткізілмесе) және саудагердің алаяқтығы немесе банкрот болуы жағдайында болуы мүмкін.

Банкте тек эквайер тәуекелдігі ықтимал болуы мүмкін (бұл жоба бойынша эмитенттік тәуекелдіктер қозғалмайды).
Банк-эквайердің барлық тәуекелдіктері банк пен интернет-дүкен арасындағы келісім шартқа сәйкес коммерсантқа жүктеледі.

Коммерсант оны транзакциялар 3-D Seсure-ні төлем картасының иесі өзі ғана және банк-эмитент білетін жеке паролін қолдану арқылы іске асырылатындықтан карта иесіне жүктейді.
CNP Processing GmbH тек қана еліміздегі ең ірі және сенімді коммерсанттардың белгілі ортасымен ғана жұмыс істейді. Сонымен қоса, банк, коммерсант пен банк арасында қалыпты эквайрингтік келісім-шарт жасау арқылы әрбір коммерсантты мақұлдайды. Коммерсанттың есеп-қисаптары банкте болады және барлық есеп айырысу банк арқылы жүргізіледі.